ші шақырылған аудандық мәслихаттың алғашқы сессиясы өткізілді - VII - Жаңалықтар - Новости - Алға аудандық мәслихаты

     
   Алға аудандық мәслихаты  
     

Сайттың мәзірі


 


 

Новости

Поиск

[ Главная | Лучшие | Популярные | Список ]

VII-ші шақырылған аудандық мәслихаттың алғашқы сессиясы өткізілді

2021 жылғы 14 қаңтарда Алға аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына: аудан әкімі М.Аққағазов, аудан және қоғамдық ұйымдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Аудандық мәслихаттың бірінші сессиясында мына мәселелер қаралды:



1. «Аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау қорытындылары туралы» аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы А.Нұрмағамбетова хабарлама жасап, қатысушыларды сайлау қорытындыларымен таныстырды. Партиялық тізімдер бойынша аудандық мәслихаттың депутаты болып мыналар тіркелді:

1) «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша:

1.Арапова Олеся Николаевна

2.Байбатыров Аманжол Тасмұхамбетұлы

3.Жалғаспаев Мирлан Алпамысұлы

4.Есекенова Самал Сапарғалиқызы

5.Жылгелді Арман Зашитұлы

6.Кружилко Светлана Георгиевна

7.Қуатбаева Әйгерім Қанатқызы

8.Көбесова Динара Ғалымжанқызы

9.Мирманов Темірлан Серікұлы

10.Тулеуов Марат Шамшадинұлы

2) «Ауыл» Халықтық Демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімі бойынша:

Қалдығұлов Арман Саматұлы

3) «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша:

Алмағамбетов Әнуарбек Шырақбайұлы

Сессия төрағасы мен аудандық мәслихаттың хатшысы сайланып, аудандық мәслихаттың екі тұрақты комиссиясы құрылып, олардың төрағалары мен мүшелері бекітілді. Сессия төрағасы болып «Nur Otan» партиясынан депутат – Жалғаспаев Мирлан Алпамысұлы сайланды. Аудандық мәслихаттың хатшысы болып, ашық дауыс беру қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясынан депутат – Тулеуов Марат Шамшадинұлы сайланды.

- Экономика және бюджет, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып, «Nur Otan» партиясынан депутат - Жылгелді Арман Зашитұлы сайланды.

- Әлеуметтік сала, жастар саясаты, депутаттық өкілет және этика, сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып, «Nur Otan» партиясынан депутат – Арапова Олеся Николаевна сайланды.

Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы тіркеліп, сессияның қорытындысында аудан әкімі М.Аққағазов сөз сөйледі.

ҚР Президенті




Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек


Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. 1 сентября 2020г.

 

Сайттың іздеуі


Поиск

 

Келушілер


Дүйсенбі301
Сейсенбі140
СӘрсенбі255
Бейсенбі351
Жұма6
Сенбі322
Жексенбі344
Қазір online:4
Барлығы341506
Рекорд:702

 



 

Powered by Open SLAED © 2005-2021 SLAED. All rights reserved.