Алға аудандық мәслихаты | ||
Сайттың мәзірі
|
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабының 2 –тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН: Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жетпіс бесінші сессиясы 2020 жылдың 9 желтоқсанына сағат 10-00-ге шақырылсын Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін: 1. Алға ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы. Ақпарат жасаушы: Б.Аппазов – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы. 2. Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 116 «Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы. Ақпарат жасаушы: Н.Бердібаев - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы. 3. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №180 «Алға ауданының терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Ақпарат жасаушы: А.Дубаев – аудан әкімінің көмекшісі. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы А.Жиенбаев |
ҚР Президенті
Мемлекеттік рәміздері
Сайттың іздеуі
Келушілер
|
|
Powered by Open SLAED © 2005-2021 SLAED. All rights reserved. |
|