Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу жетінші сессиясын шақыру туралы - Жаңалықтар - Новости - Алға аудандық мәслихаты

     
   Алға аудандық мәслихаты  
     

Сайттың мәзірі


 


 

Новости

Поиск

[ Главная | Лучшие | Популярные | Список ]

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу жетінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабының 2 - тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу жетінші сессиясы 2019 жылдың 29 қарашасына сағат 10 -00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

1. Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 217 «2019 – 2021 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат жасаушы: Д.Асқарова – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
2. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 239 «Алға ауданының 2016 – 2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Ақпарат жасаушы: Д.Асқарова – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
3. Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 150 «Алға ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Ақпарат жасаушы: Е.Бекіш – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.
4. Кейбір учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат жасаушы: А.Нұрмағамбетова – аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы М.Муратбаев

ҚР Президенті




Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2019 жылғы 2 қыркүйек


Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. 2 сентября 2019г.

 

Сайттың іздеуі


Поиск

 

Келушілер


Дүйсенбі199
Сейсенбі121
СӘрсенбі198
Бейсенбі137
Жұма230
Сенбі174
Жексенбі198
Қазір online:5
Барлығы262936
Рекорд:702

 



 

Powered by Open SLAED © 2005-2019 SLAED. All rights reserved.