релизі - Баспа - Жаңалықтар - Новости - Алға аудандық мәслихаты

     
   Алға аудандық мәслихаты  
     

Сайттың мәзірі


 


 

Новости

Поиск

[ Главная | Лучшие | Популярные | Список ]

Баспа-релизі

 Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №217 «2019-2021 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобасына баспа-релизі

Республикалық, облыстық бюджеттің нақтылануына байланысты және аудан мәслихаты депутаттарының бастамасыменАлға аудандық бюджетіне 2019 жылға мынадай өзгерістер енгізу ұсынылып отыр.
Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 26 сәуірдегі №418 шешімімен келесідей трансферттер бөлініп отыр:



 - мемлекеттік әлеуметтік көмек төлеуге – 544 868 мың теңге;
- Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 111 мың теңге;
- еңбек нарығын дамытуға – 31 184 мың теңге
- азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 388 663 мың теңге;
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыруға – 127 784 мың теңге;
және келесі трансферттерден шегеріліп отыр:
- елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытудан – 23 439 мың теңге;
- орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге – 300 000 мың теңге;
мынадай мазмұндағы толықтырулар енгізіліп отыр:
- аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алуға – 22 000 мың теңге;
-азаматтық мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге – 26 311 мың теңге;
- коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялауға – 470 680 мың теңге республикалық бюджет есебінен және 56 459 мың теңге облыстық бюджеттен;
- көлік инфрақұрылымын дамытуға – 345 726 мың теңге республикалық бюджет есебінен және 38 628 мың теңге облыстық бюджеттен;
Өзгерістер мен толықтырулар енгізгенде, бюджеттің кірістер жағы 8 081 960,6 мың теңге, шығындар 8 084 351,4 мың теңге көлемінде бекітуге ұсынылады.
«Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 217 «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімнің жобасы www.alga.raimaslihat.kz сайтында 2019 жылы 22 сәуірде, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 19 сәуір 2019 жылы орналастырылды. Алға ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы алуға 2019 жылдың 2 мамырында № 358 хат жолданды.

ҚР Президенті




Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан


Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана. 5 октября 2018г.

 

Сайттың іздеуі


Поиск

 

Келушілер


Дүйсенбі202
Сейсенбі213
СӘрсенбі148
Бейсенбі126
Жұма189
Сенбі187
Жексенбі232
Қазір online:3
Барлығы236057
Рекорд:702

 



 

Powered by Open SLAED © 2005-2019 SLAED. All rights reserved.