нің мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру - «Алға аудандық мәслихатының аппараты» ММ - Вакансиялар - Новости - Алға аудандық мәслихаты

     
   Алға аудандық мәслихаты  
     

Сайттың мәзірі


 


 

Новости

Поиск

[ Главная | Лучшие | Популярные | Список ]

«Алға аудандық мәслихатының аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Алға аудандық мәслихатының аппараты» ММ-сі, 030200, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы, 5 шағын аудан, №4 үй, 301 бөлме,анықтама үшін телефоны: 8(71337)4-23-06,е-mаil:alga_maslhat@mail.ru,«Алға аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
    «Алға  аудандық  мәслихатының  аппараты» ММ-сі  бас  маманы,  Е-4 (03-0-1-1)  санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 77452  теңгеден  104935  теңгеге дейін.



Функционалдық міндеттері: Аудандық мәслихат сессияларында қаралатын мәселелер бойынша шешім жобаларын әзірлеуге қатысады, мемлекеттік тіркелуге тиісті сессия  шешімдерін анықтап, олардың әділет органдарында тіркелуін және осы актілердің  бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық мәслихат сайтында жариялануын қамтамасыз етеді, сессия хаттамасын жүргізеді, тұрақты комиссиялардың, депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына  көмек көмектеседі.
Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
Жоғары заңгерлік, педагогикалық, экономикалық, гуманитарлық мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік заңгерлік, педагогикалық, экономикалық, гуманитарлық білімі барларға рұқсат етіледі;      
Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жоғары  білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Ішкі  конкурсқа  қатысу  үшін  қажетті  құжаттар:
    1)«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу  Қағидаларының  2  қосымшасына  сәйкес нысандағы өтініш;
    2)тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша  ақпараттарды  бере  алады.
Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап  3  жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге  жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Алға  аудандық  мәслихатының  аппараты» ММ-де  өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның  қызметкерлері  қатыса  алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың  техникалық  жазба  құралдарын  қолдануға  жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың  түпнұсқасын  немесе  көшірмелерін  ұсынады. 
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
        Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен  кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға  негіз болып табылады.

ҚР Президенті




Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан


Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана. 5 октября 2018г.

 

Сайттың іздеуі


Поиск

 

Келушілер


Дүйсенбі419
Сейсенбі388
СӘрсенбі382
Бейсенбі385
Жұма381
Сенбі262
Жексенбі380
Қазір online:6
Барлығы205531
Рекорд:702

 



 

Powered by Open SLAED © 2005-2019 SLAED. All rights reserved.