Алға аудандық мәслихаты

19.06.2020 - Аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпыс сегізінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабының 2 - тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпыс сегізінші сессиясы 2020 жылдың 23 маусымына сағат 10 -00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

1. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №323 «2020 – 2022 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат жасаушы: Д.Асқарова – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
2. Алға аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы.
Ақпарат жасаушы: Г.Нұғыман - аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы.

Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Р. Еркусимова 


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=553