Алға аудандық мәслихаты

08.06.2020 - Аудандық мәслихаттың кезекті алпыс жетінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабының 2 –тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Аудандық мәслихаттың кезекті алпыс жетінші сессиясы 2020 жылдың 17 маусымына сағат 10-00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

1. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
Баяндамашы: А.Қойлыбаева – аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
2. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 27 наурыздағы №247 «Алға ауданындағы діни ахуал туралы» шешімінің орындалу барысы туралы.
Баяндамашы: Б.Аппазов – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
3. Басқа да мәселелер.

 

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Г.Джармухамбетова


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=548