Алға аудандық мәслихаты

25.05.2020 - Баспа-релизі

«Алға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасына Пресс-релиз

Шешім жобасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес құрылды.
Көрсетілген шешіммен бекітілген Алға аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп тану ұсынылады:
1) Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 15 «Алға ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4923 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19мамырда жарияланған);
2) Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 268 «Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 15 «Алға ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6171 тіркелген, 2019 жылғы 31 мамырдаҚазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Шешім жобасы 2020 жылы 22 мамырда e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталындақоғамдық талқылау үшін орналастырылды және 2020 жылы 25 мамырда alga.raimaslihat.kz cайтына жарияланды.  


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=546