Алға аудандық мәслихаты

09.12.2019 - Баспа-релизі

Алға аудандық мәслихаттың «2020-2022 жылдарға арналған Алға ауданы Қарақұдық ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешім жобасының
БАСПА-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:



1. 2020-2022 жылдарға арналған Қарақұдық ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мына көлемде бекітілсін:
1) кірістер 26 880 мың теңге,
оның ішінде:
салықтық түсімдері бойынша 3 404 мың теңге;
салықтық емес түсімдері бойынша 42 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша 23 434 мың теңге;
2) шығындар 26 880 мың теңге;

2. Қарақұдық ауылдық округінің бюджеттің кірісіне есептелетін болып ескерілсін:
мүлікке салынатын салықтар;
жер салығы;
көлік құралдарына салық;
мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;

3. 2020 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне берілген субвенция көлемі – 22 934 мың теңге сомасында көзделді.
4. 2020 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер түскені ескерілсін:
мемлекеттік органның күрделі шығыстарына - 500 мың теңге.


«Қарақұдық ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешім жобасы www.alga.raimaslihat.kz сайтында 2019 жылы 9 желтоқсанда, ашық нормативтік-құқықтық актілер e-gov порталында 2019 жылы 5 желтоқсанда орналастырылды.


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=439