Алға аудандық мәслихаты

13.12.2019 - Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу сегізінші сессиясын шақыру туралы

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабының 2 - тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу сегізінші сессиясы 2019 жылдың 18 желтоқсанына сағат 11 -00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:



1. Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 217
«2019-2021 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат жасаушы: Д.Асқарова – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
2. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 228 «2019-2021 жылдарға арналған Алға қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат жасаушы: Н.Сурбаев – Алға қаласының әкімі.
3. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 229 «2019-2021 жылдарға арналған Тамды ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат жасаушы: А.Ажигулов – Тамды ауылдық округінің әкімі.
4. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 230 «2019-2021 жылдарға арналған Бестамақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат жасаушы: Қ.Дәулеталин – Бестамақ ауылдық округінің әкімі.
5. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 231 «2019-2021 жылдарға арналған Маржанбұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат жасаушы: Ж.Шабаров – Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі.
6. Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
Ақпарат жасаушы: Н.Бердібаев - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
7. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 ақпандағы № 242 «Алға ауданының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат жасаушы: Б.Аппазов – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

 

Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы М.Муратбаев


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=436