Алға аудандық мәслихаты

05.12.2019 - Баспа-релизі

Алға аудандық мәслихаттың «2020-2022 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы»шешімі жобасының баспа-релизі

2020-2022 жылдарға арналған Алға аудандық бюджеті, оның ішінде 2020 жылға мына көлемде бекітіледі:
1. кірістер – 5 515 736 мың теңге;
оның ішінде:
салықтық түсімдер –846 616 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 31 433 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 28 687 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 4 609 000 мың теңге; 



2. шығындар –5 515 736 мың теңге;

3. бюджеттік кредиттер -143 154 мың теңге(Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша);

4.Қазақстан Республикасының 2019 жылғы ___қарашадағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7 бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 42500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 651 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 31 183 теңге.
5. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілген субвенция көлемі4 609 000 мың теңге сомасында көзделді.
Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
6. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен қала және ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін субвенция көлемі 682 924 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Алға қаласына – 305 371 мың теңге;
Маржанбұлақ ауылдық округіне – 54 280 мың теңге;
Бестамақ ауылдық округіне – 71 960 мың теңге;
Тамды ауылдық округіне– 65 687 мың теңге;
Ақай ауылдық округіне – 15 809 мың теңге;
Бесқоспаауылдық округіне – 17 557 мың теңге;
Қарабұлақауылдық округіне – 14 106 мың теңге;
Қарағашауылдық округіне – 17 706 мың теңге;
Қарақұдықауылдық округіне – 22 934 мың теңге;
Сарықобдаауылдық округіне – 15 142 мың теңге;
Тоқмансайауылдық округіне – 40 982 мың теңге;
Үшқұдықауылдық округіне – 25 105 мың теңге;

7. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен келесідей ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;
үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;
орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге;
мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;
Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
8. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен келесідей нысаналы даму трансферттері түскені ескерілсін:
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыруға;
Нысаналы даму трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
9. 2020 жылға арналған аудандық бюджетіне облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер түскені ескерілсін:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;
орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге;
жалпы білім беретін мектептерді техникалық инфрақұрылыммен жабдықтауға;
жалпы білім беретін мектептердің компьютерлік техникаларын жаңартуға;
білім беру мекемелерінде бейне бақылау камераларын орнатуға;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге;
алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың құнын иелеріне өтеуге;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді – мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге;
Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
10. 2020 жылға арналған аудандық бюджетіне облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттер түскені ескерілсін:
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыруға.
Нысаналы даму трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
2020 жылға ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 19800 мың теңге сомасында бекітіледі.
«2020-2022 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешімнің жобасы www.alga.raimaslihat.kz сайтында 2019 жылдың5 желтоқсанында, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 5 желтоқсан 2019 жылы орналастырылды. Алға ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысыналуға 2019 жылдың 9 желтоқсанында хат жолданды.


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=407