Алға аудандық мәслихаты

29.11.2019 - Баспа-релизі

Алға аудандық мәслихаттың «2019-2021 жылдарға арналған Алға ауданы Бестамақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасының баспа-релизі

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1, 109-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 



1. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 230 «2019-2021 жылдарға арналған Бестамақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-196 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 24 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер - «84 395,9» сандары « 84 946,4» сандарымен ауыстырылсын;
оның ішінде:
трансферттік түсімдер - «77 238,9» сандары «77 789,4» сандарымен ауыстырылсын.
2) тармақшасында:
шығындар - «85 774,1» сандары «86 324,6» сандарымен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Алға аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Алға аудандық мәслихаттың «2019-2021 жылдарға арналған Алға ауданы Бестамақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»шешім жобасы www.alga.raimaslihat.kz сайтында 2019 жылы 29 қарашада, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 14 қараша 2019 жылы орналастырылды.


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=398