Алға аудандық мәслихаты

05.11.2019 - Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу алтыншы сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабының 2 - тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу алтыншы сессиясы 2019 жылдың 08 қарашасына сағат 10 -00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:



1. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 228 «2019-2021 жылдарға арналған Алға қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат жасаушы: Н.Сурбаев – Алға қаласының әкімі.
2. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 229 «2019-2021 жылдарға арналған Тамды ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат жасаушы: А.Ажигулов – Тамды ауылдық округінің әкімі.
3. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 04 қаңтардағы № 230 «2019-2021 жылдарға арналған Бестамақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат жасаушы: Қ.Дәулеталин – Бестамақ ауылдық округінің әкімі.
4. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 231 «2019-2021 жылдарға арналған Маржанбұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
Ақпарат жасаушы: Ж.Шабаров – Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі.
5. Кейбір учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып кеткен мүшелерін міндеттерінен босату туралы.
Ақпарат жасаушы: А.Нұрмағамбетова – Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы М.Муратбаев


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=373