Алға аудандық мәслихаты

02.07.2019 - Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу бірінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабының 2 - тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу бірінші сессиясы 2019 жылдың 2 шілдеге сағат 14-00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселе енгізілсін:

1. Ақтөбе облысы әкімінің Алға ауданының әкімі лауазымына Аққағазов Мамырғали Досқұлұлын тағайындауына келісім беру туралы.
Ақпарат жасаушы : О.С.Оразалин – Ақтөбе облысының әкімі.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.С.Жиенбаев


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=312