Алға аудандық мәслихаты

27.05.2019 - Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабының 2 - тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясы 2019 жылдың 30 мамырына сағат 10-00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:



1. Алға ауданының құрметті азаматы атағын беру туралы
Ақпарат жасаушы: Б.Аппазов – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
2. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 06 маусымдағы № 174 «Алға аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақпарат жасаушы: Е.Бекіш - аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы.
3. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 228 «2019-2021 жылдарға арналған Алға қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақпарат жасаушы: Н.Сурбаев – Алға қаласының әкімі.
4. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 229 «2019-2021 жылдарға арналған Тамды ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақпарат жасаушы: А.Ажигулов – Тамды ауылдық округінің әкімі.
5. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 04 қаңтардағы № 230 «2019-2021 жылдарға арналған Бестамақ ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақпарат жасаушы: Қ.Дәулеталин – Бестамақ ауылдық округінің әкімі.
6. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 231 «2019-2021 жылдарға арналған Маржанбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақпарат жасаушы: Ж.Шабаров – Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі.

Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы А.Жиенбаев


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=294