Алға аудандық мәслихаты

13.05.2019 - Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық сегізінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабының 2 - тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН :
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы 2019 жылдың 15 мамырына сағат 10-00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
1. Алға аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 217 «2019-2021 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақпарат жасаушы: Д.Асқарова – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
2.Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 15 «Алға ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақпарат жасаушы: Б.Аппазов – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы А.Жиенбаев


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=280