Алға аудандық мәслихаты

08.02.2019 - Алға ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне конкурс өткізу туралы хабарлама

Алға ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Алға ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жəне азаматтардың арасында конкурстық іріктеу өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Мемлекеттік органның атауы: «Алға аудандық мəслихатының аппараты» ММ;
Пошталық мекен-жайы: 030200, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алғақаласы 5 шағын аудан 4 үй, 301 бөлме
Электронды пошта: alga_maslhat@mail.ru
Анықтамалар үшін телефондар: 4-23-06 жəне 4-10-00.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2019 жылғы «8» ақпан- «21» ақпан аралығында.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:



1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Алға ауданының шегінде
тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
2. Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 4-тармағына сəйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Коммерциялық емес ұйымдардан жəне азаматтардан ұсыныстар жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Алғақаласы 5 шағын аудан 4 үй, 301 бөлме, сағат 09.00-ден 18.00 дейін, үзіліс 12.30-дан 14.00 дейін, белгіленген мерзімде жазбаша жəне электронды түрде.
Конкурстық іріктеу өткізу үшін кандидатураларды ұсыну барысында, Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат, оның «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының талаптарына сəйкестігіне тексеру жүргізуге өзінің келісімін береді.


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=226