Алға аудандық мәслихаты

04.01.2019 - Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық екінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабының 2 – тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 3-бабының 3- тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық екінші сессиясы 2019 жылдың 10 қаңтарына сағат 11-00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселе енгізілсін:



 1. Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлауға дауыс беруді өткізу үшін мәслихат депутаттарынан құралған Есеп комиссиясының құрамын сайлау туралы.
Ақпарат жасаушы : А.Абиляшев – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
2. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы.
Ақпарат жасаушы : А.Абиляшев – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы.
Ақпарат жасаушы : А.Абиляшев – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.

Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы Р.Еркусимова


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=211