Алға аудандық мәслихаты

28.12.2018 - Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабының 2 - тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН :
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясы 2019 жылдың 4 қаңтарына сағат 16-00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:



1. 2019 -2021 жылдарға арналған Алға қаласының бюджетін бекіту туралы.
Баяндамашы: Н.Сурбаев – Алға қаласының әкімі.
2. 2019 -2021 жылдарға арналған Тамды ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы.
Баяндамашы: А.Ажигулов – Тамды ауылдық округінің әкімі.
3. 2019 – 2021 жылдарға арналған Бестамақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы.
Баяндамашы: Қ.Дәулеталин – Бестамақ ауылдық округінің әкімі.
4. 2019- 2021 жылдарға арналған Маржанбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы.
Баяндамашы: Ж.Шабаров – Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы Р.Еркусимова 


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=210