Алға аудандық мәслихаты

21.12.2018 - Аудандық мәслихаттың кезекті қырықыншы сессиясын шақыру туралы

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабының 2 - тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Аудандық мәслихаттың кезекті қырықыншы сессиясы 2018 жылдың 24 желтоқсанына сағат 15-00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

1. 2019 – 2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
Баяндамашы: Д.Асқарова – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
2. Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Жұмабаевтың есебі.
Баяндамашы: Б.Жұмабаев – аудандық мәслихаттың хатшысы.
3. Басқа да мәселелер.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Қ.Ксупов


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=209