Алға аудандық мәслихаты

20.12.2018 - Алға аудандық мәслихаттың «2019-2021 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешімі жобасының баспа-релизі

Алға аудандық мәслихаттың «2019-2021 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешімі жобасының баспа-релизі

2019-2021 жылдарға арналған Алға аудандық бюджеті, оның ішінде 2019 жылға мына көлемде бекітіледі:
1. 2019 жылға кірістер – 6 220 283 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 710 391 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 112 628 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 689 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 5 382 575 мың теңге;
- республикалық бюджет трансферттері – 1 049 634 мың теңге;
- облыстық бюджет трансферттері – 1 600 941 мың теңге;
- облыстық бюджеттен берілген субвенция көлемі – 2 732 000 м.т.;



 2. шығындар – 6 220 283 мың теңге;

3. бюджеттік кредиттер - 113 624 мың теңге (Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша);
4. Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 30 қарашадағы «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес:
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 525 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 29 698 теңге.
5. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен қала және ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін субвенция көлемі 272 898 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Алға қаласына – 134 924 мың теңге;
Маржанбұлақ ауылына – 45 771 мың теңге;
Бестамақ ауылына – 56 052 мың теңге;
Тамды ауылына – 36 151 мың теңге.

2019 жылға республикалық бюджеттен 1 049 634 мың теңге нысаналы ағымдағы және даму трансферттері бөлінді:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 72 752 мың теңге;
халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге – 9 172 мың теңге;
үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 3 592 мың теңге;
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 14 991 мың теңге;
еңбек нарығындамытуға – 25 565 мың теңге;
ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 161 445 мың теңге;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;
орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге – 41 444 мың теңге;
тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 22 320 мың иеңге;
оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 10 180 мың теңге;
  жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге - 330 570 мың теңге;
ұлттық біліктілік тестінен өткен және бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге – 114 168 мың теңге;
мектептердің педагог-психологтарының лауазымдық айлықақыларының мөлшерлерін ұлғайтуға – 3 700 мың теңге;
      мектептердің педагог-психологтарына педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге – 5 004 мың теңге;
төмен ақы төленетін қызметкерлердің жалақысының мөлшерін көтеру үшін олардың салықтық жүктемесін төмендетуге байланысты шығасыларды өтеуге – 55 767 мың теңге;
Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
Алға қаласының №2 тұрғын массивіне газқұбыры желілерінің құрылысына – 174 964;

2019 жылға облыстық бюджеттен 1 600 941 мың теңге нысаналы ағымдағы және даму трансферттері бөлінді:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға – 142 831 мың теңге;
орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге – 792 669 мың теңге;
дала өрттерін сөндіру бойынша, сондай-ақ елді мекендердегі өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастыруға – 2 779 мың теңге;
кең жолақты Интернетке жалпы білім беретін мектептердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге – 20 512 мың теңге;
жалпы білім беретін мектептерді интерактивті білім беретін контентке қосуға – 5 610 мың теңге;
жалпы білім беретін мектептерді техникалық инфрақұрылыммен жабдықтауға – 2 500,0 мың теңге;
жалпы білім беретін мектептердің компьютерлік техникаларын жаңартуға – 41 875 мың теңге;
мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға – 10 376 мың теңге;
жалпы білім беруге – 129 992 мың теңге;
білім беру мекемелерінде бейне бақылау камераларын орнатуға – 8 360 мың теңге;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге – 4 346 мың теңге;
мәдениет ұйымдарының күрделі шығыстарына – 29 291 мың теңге;
алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың құнын иелеріне өтеуге – 9 000 мың теңге;
өңірдегі діни ахуалды зерделеу және талдауға – 1 000 мың теңге;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді – мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге 223 776 мың теңге;
нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде - 53 756 мың теңге;
Алға қаласының №2 тұрғын массивіне газқұбыры желілерінің құрылысына – 31 855 мың теңге;
Тоқмансай ауылын сумен жабдықтау нысандарының құрылысына ЖСҚ дайындауға – 24 578 мың еңге;
Нұрбұлақ ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысына ЖСҚ дайындауға – 11 000 мың теңге;
Жерұйық ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысына ЖСҚ дайындауға – 9 000 мың теңге
Алға қаласының кіреберісінен шығаберісіне дейінгі автокөлік жолдарын жарықтандыруға – 17 200 мың теңге;
Үшқұдық ауылындағы мәдениет үйіне автономды газ қазандығының құрылысына – 28 635 мың теңге;
2019 жылға ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 19 480 мың теңге сомасында бекітіледі.

«2019-2021 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешімнің жобасы alga.aktobe.gov.kz сайтында 2018 жылдың 20 желтоқсанында, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 5 желтоқсан 2018 жылы орналастырылды. Алға ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2018 жылы 20 желтоқсандағы № 55 хатымен алынды.


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=199