Алға аудандық мәслихаты

20.12.2018 - Алға аудандык мәслихатының «Алға ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруғакелген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылға әлеуметтік қолдау ша

Алға аудандык мәслихатының «Алға ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруғакелген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» шешім жобасына баспа-релизі

Алға ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылға келесідей әлеуметтік қолдау шараларын ұсынылсын:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.



Шешімнің жобасы www.alga.aktobe.gov.kz сайтында 2018 жылы 20 желтоқсанда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 5 желтоқсанда 2018 жылы орналстырылды. Алға ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2018 жылы 20 желтоқсандағы №56 хатымен алынды.


Опубликовано на сайте: http://alga.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://alga.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=196